Лахорадан жеміс тиген қазақстандық пойыз Астанаға жетті

766

Лахорадан жеміс тиген қазақстандық пойыз Астанаға жетті

"ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны "KTZ Express" АҚ Пәкістаннан Қазақстанға тұңғыш рет теміржол бойымен жеміс өнімдерін жеткізді. Бұл туралы ақпаратты "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратты.

260 тонна мандарин тиеген рефрижераторлық контейнерлік пойызы Пәкістан- Иран-Түркіменстан-Қазақстан мемлекеттері аумағын, яғни 5 мың шақырым жолды 18 күнде жүріп өтті.

"Бұрын Пәкістаннан жеміс-жидектер автокөлікпен және теңіз көлігімен ұзақ жүретін. Әсіресе, теңіз арқылы 45 күн жүретін болса, ендігі жерде жеткізу мерзімі екі есеге қысқарды", – дейді "KTZ Express" АҚ контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры А. Кәрімов.

"Бұл бағдарды одан әрі меңгеріп, толық қуатында іске қосу үшін аптасына бір контейнерлік пойызды жасақтауды жоспарлап отырмыз", – дейді А. Кәрімов.

Жаңа логистикалық қызмет түрі тез бұзылатын жеміс жидектерді белгілі температурада жеткізуге ықпал етеді. Олардың қатарында тоңазытылған көкөністер, жеміс-жидектер, медициналық және фармацевтикалық тауарлар бар.

Пәкістандық өнім өндірушілердің тауарлары Астанадағы "А" сыныбына жататын көлік-логистикалық орталығында сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу