Лай көшкінінен 11 адам қаза тапты

811

Колумбияның таулы аймағында жаңбыр жиі жауатындықтан, оның соңы лай көшкіні мен су тасқыны секілді табиғат апаты жиі орын алып тұрады.

Лай көшкінінен 11 адам қаза тапты

Колумбияның Маркеталия қаласының маңында лай көшкіні жүріп 11 адам қаза тапты. Тағы 10-ға жуық тұрғын із-түзсіз жоғалып, табылмай жатыр. Опат болғандардың арасында 4 бала бар, деп хабарлайды 24.kz.

Жотадан аққан лай-батпақ бірнеше үйді басып қалған. Жақын маңдағы тұрғындар бірден оларды құтқарып алуға кіріскенмен, лай астынан адамдарды аман алып шыға алмаған. Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Ал табиғат апатының орын алуына нөсер себеп.

Айта кетейік, Колумбияның таулы аймағында жаңбыр жиі жауатындықтан, оның соңы лай көшкіні мен су тасқыны секілді табиғат апаты жиі орын алып тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу