Лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен мектебі қоштасты

22909

Бүгін Алматыдағы №48 мектеп лицейі лай көшкіні кезінде қаза тапқан қос ағайынды оқушы Денис пен Сергейді аза тұтты.  

Лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен мектебі қоштасты Фото: qumash_kz

Ертең марқұмдарды ақтық сапарға шығару рәсімі өтеді. Бүгін Алматыға егіздердің үлкен ағасы Дмитрий Шин ұшып келуі тиіс. 20 жастағы жас жігіт бір күнде отбасынан айырылып отыр. Ол өзінің туған (биологиялық) әкесімен Мәскеуде бірге тұрады әрі сонда оқиды, деп жазады inbusiness.kz qumash.kz телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Егіздер Денис Шин мен Сергей Шин кеше Тау Самал ықшам ауданындағы лай көшкіні кезінде қаза тапты. Жасөспірімдер тұратын үйден олардың анасы мен өгей әкесінің де денесі табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу