Lamborghini-дің болашағы бұлыңғыр

756

Суперкар шығаратын фабриканы үлкен өзгеріс күтіп тұр.  

Lamborghini-дің болашағы бұлыңғыр

Германиялық концерн аса қымбат әрі көп табыс әкелмейтін маркалардан "құтылмақшы". Bugatti-ден кейін кезек Lamborghini-ге жетті. 2019 жылы 4554 данасы сатылса да, VW басшылары "ламбоны" еркіне жіберу жөн деп санады. 

Reuters таратқан ақпаратқа сүйенсек, италиялық автоөндірушінің акциялары биржаға шығарылады. VW Group Lamborghini-ді сатып алатын клиент іздеп, ұсыныстарды қарастыруда. Қадағалау кеңесі қараша айында бес жылдық даму жоспарын бекітіп, Lamborghini, Bugatti және Ducati брендтерінің тағдырын шешеді. 

Айта кетейік, Lamborghini-ге тәуелсіз болудан пайда жоқ. Компания концерннен іргесін алыстатса, миллиардтаған бюджеттен қағылып, жоғары технологиялық компоненттерді өндіре алмайды. Мұның бәрі тираждың кемуіне әкеп соғады. Дегенмен бренд еуропа маркаларына иелік етуді көздейтін қытайлықтарды қызықтыруы мүмкін. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу