Президент: Лаңкестер Қазақстан астанасына шабуыл жасамақ болды

1450

Террористер елордаға шабуыл жасамақ болды. Бұл туралы ҰҚШҰ-ның онлайн отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Президент: Лаңкестер Қазақстан астанасына шабуыл жасамақ болды

Отырысқа қатысушылар елдегі тәртіпсіздіктерден қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Алдымен Президент ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларына алғыс айтты. 

"... Агрессия бірден 11 өңірге тарады. Бірақ басты соққы Алматыға жасалды. Сіздер білетіндей, Алматы – Қазақстанның ірі қаласы, қаржы орталығы. Онда маңызды көлік және коммуникация торабы орналасқан. Бұл қаланың құлауы адамдар тығыз қоныстанған оңтүстік өңірді жаулап алуға, толық елді алуға жол ашар еді. Террористер құқық қорғау органдарының күшін басып, Қазақстан астанасына шабуыл жасамақ болды. Біз Қазақстан резиденциясының маңында шоғырланған топты көрдік. Бұл негізі лаңкестік соғыс болды", – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу