Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған – ҰҚК

Елімізде жыл сайын кемінде екі лаңкестік әрекет тоқтатылады. 

Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған – ҰҚК Фото: Әзірет Сұлтан

Қазақстанда арнайы қызмет жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алдын алады, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев.

"Осы кезеңде тікелей Қазақстанда күшейген лаңкестік қауіп тұрақты күйінде қалып отыр. Жыл сайын кемінде екі лаңкестік әрекеттің алдын алады", - деді Сейсембаев жұма күні Астанада өткен ШЫҰ Аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысында.

"Тек биыл ғана дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекетінің, сондай-ақ Астанадағы адамдар көп жиналатын жерлерде қарулы шабуылдың жолы кесілді", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу