Лаңкестердің "Крокусқа" шабуылдан кейін неге Украинаға қарай қашқаны белгілі болды

3606

Мұны Беларусь Президенті Александр Лукашенко түсіндіріп берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Лаңкестердің "Крокусқа" шабуылдан кейін неге Украинаға қарай қашқаны белгілі болды Фото: rusdtp.ru

"Олар Беларуське өте алмайтындарын білді. Өйткені алғашқы минуттардан бастап Ресейдің бір бөлігі күшейтілген қауіпсіздік режиміне көшкен кезде, біз де қауіпсіздік режиміне өттік. КГБ төрағасы маған бөлімшелердің ұрыс жағдайына дайын екенін хабарлады. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің күштері тартылды, жолдарда, соның ішінде Ресеймен, КГБ, Мемлекеттік шекара комитеті және кейбір әскери бөлімдер тартылды. Сондықтан олар Беларуське ешқандай жолмен кіре алмайтын еді. Мұны көрген күдіктілер бірден Украина-Ресей шекарасына қарай бет алған", – деді ол.

Айтуынша, лаңкестік әрекеттен кейін Беларусь пен Ресей бірлесе жұмыс жүргізген.

"Путинге мен туралы "хабарласан жоқ, басымызға күн туғанда үндемей жатып алды" деген сарындағы әңгімелер жеткен. Сіздер қайдан білесіздер. Біз түні бойы ұйықтамадық. Путинмен бірге болдық. Өзара бірлесіп әрекет еттік", – дейді Лукашенко. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу