Лариса Пакты рұқсат етілмеген әдістермен тергеген "Антикордың" экс-қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

680

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Антикорға" сілтеме жасап.

Лариса Пакты рұқсат етілмеген әдістермен тергеген "Антикордың" экс-қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Еске сала кетсек, Лариса Пак 2017 жылы жемқорлық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған еді. 2019 жылдың 6 шілдесінде күдікті Л.Ю. Пак қайтыс болды. Ал 2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды", – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Өзге ақпарат жария етілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу