"Лас" әрі шулы көліктерге салынатын айыппұл бес есе өсті

996

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы kolesa.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

"Лас" әрі шулы көліктерге салынатын айыппұл бес есе өсті

Бұдан былай көліктен шығатын ластаушы заттар мен шу деңгейі белгіленген шектен асса, көлік иесіне ескерту жасалады. Тіпті жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 100 АЕК айыппұл салынады. Егер бұл бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар 20 АЕК, заңды тұлғалар 200 АЕК айыппұл төлейді.

Бұған дейін "лас" көлік жүргізгендерге ескерту жасалатын немесе 2 АЕК айыппұл салынатын, ал автокөлікке иелік ететін компаниялар жазаға тартылмады.

Заң жобасы дайындалып жатқан кезде айыппұл мөлшерін 2.5 есе өсіру жоспарланған болатын.

"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кедендік одақтың 018/2011 техникалық регламентіне сай бензинмен жүретін машинаны тексергенде газ талдауыштағы көрсеткіш белгілі бір шектен аспауы керек.. Көлік құралдарынан ауаға шығарылған газ – ластаушы заттар. Анықтаудың нормасы мен әдісі" атты ҚР СТ 1433-2017 стандартына сәйкес, қоршаған орта температурасы 7 °C-тан төмен және 35 °C-тан жоғары болған кезде көліктен шығатын улы газдың құрамы мен түтінін тексеруге тыйым салынады. Сондай-ақ атмосфералық қысым 92 кПа-дан кем болмауы қажет", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу