Лас судың кесірінен ауыл халқының жартысы өтін алдыртқан

895

Қарағанды облысына қарасты Еркіндік ауылының тұрғындары лас су ішіп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Лас судың кесірінен ауыл халқының жартысы өтін алдыртқан

Бүтін бір елдімекенде жүз шақты ғана үй қалған. Ал ондағы жұрттың, жартысының өті жоқ. Балаларының бүйректері болса, құмға толған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тіршілік нәрінің құрамында мал нәжісі бар. Әрі темір мен тұз көп. Алайда сұмдық жайт билікті еш алаңдатпайтынға ұқсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу