Ластаушы заттарды рұқсатсыз тастаған кәсіпорындардан ірі көлемде айыппұл өндірілген

356

Сот тәртібімен 31 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды.

Ластаушы заттарды рұқсатсыз тастаған кәсіпорындардан ірі көлемде айыппұл өндірілген Фото: primeminister.kz

Экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында инспекциялық қызмет 2023 жылы 652 тексеру жүргізді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Оның нәтижелері бойынша 1679 бұзушылық анықталды, оларды жою туралы 628 ұйғарым берілді. Жалпы көлемі 322,9 млрд теңгеге 2138 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 11,3 млрд теңге мөлшерінде 1834 айыппұл өндірілді. Қалған 311,6 млрд теңге көлеміндегі 304 айыппұлды өндіру жұмыстары жүргізілуде”, - деді министр Үкімет отырысында.

Ведомство басшысы ластаушы заттарды экологиялық рұқсатсыз тастағаны үшін ең үлкен өндірілген айыппұлдар деректеріне тоқталды. Атап айтқанда, "Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 7,2 млрд теңге, "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2,8 млрд теңге айыппұл салынған.

Бұдан басқа өңірлерде экологиялық заңнаманы бұзу бойынша жүргізілген талдау келесі облыстарда ең үлкен айыппұлдар болағанын көрсетті:

Шығыс Қазақстан облысы – 2,6 млрд теңге көлемінде, Қызылорда облысы – 681,8 млн теңге, Абай облысында – 677,5 млн теңге, 
Ақтөбе облысы – 133,8 млн теңге.

“Жалпы айыппұлдардың басым бөлігі нормативтен тыс шығарындылар мен өз еркімен (экологиялық рұқсатсыз) эмиссиялар үшін салынды. Сот тәртібімен 31 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды”, - деді Экология және табиғи ресурстар министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу