LATAM әуе компаниясының жолаушы ұшағы тесілген қанатпен әлемді шарлап шыққан

874

LATAM әуе компаниясының жолаушы ұшағы тесілген қанатпен әлемді шарлап шыққан

LATAM Airlines компаниясына тиесілі ұшақтың қанатынан оқдәріден қалған тесік табылды, деп жазады 24Хабар.

Boeing 767-300 лайнері Бразилияға аялдап тұрған жерден тексерілген, деп хабарлайды AIRLIVE. Оқтың ізі анықталмас бұрын ұшақ Нью-Йорк, Барселона, Лимаға ұшып барып, қайтқан екен.

"Бұл тесіктің қайдан тап келгенін дөп басып айту қиын, себебі ұшақ осыған дейін жер-жаһанды шарлаған", – дейді LATAM өкілі.  

Сондай-ақ компания лайнер қанатындағы тесіктен қауіпсіздікке кесір келмегенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу