Латвия 2023 жылы жараланған 120 украин сарбазын емдеуге қабылдайды

508

Биыл Латвия Украинаның денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастықты жалғастырады және 120 әскериді қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Press.lv басылымына сілтеме жасап.

Латвия 2023 жылы жараланған 120 украин сарбазын емдеуге қабылдайды

Латвияның Денсаулық сақтау министрі Лига Менгельсонның айтуынша, 2022 жылы Рига клиникалық университеттік ауруханасы мен "Вайвари" ұлттық оңалту орталығында 130 жараланған украиндар медициналық көмек алды.

Орталық дәрігерлері "орталық және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануымен, соның ішінде жұлынның зақымдануымен, сүйектердің сынуымен, ампутациямен ауырған" әскерилерді қайта аяққа тұрғызды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Менгельсон қазіргі тәжірибені жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті, себебі ұрыс алаңында әскери медициналық көмек көрсететін мамандарды табу қиынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу