Латвия Беларусьпен шекарадағы күзетін күшейтеді

448

Латвия министрлер кабинеті шекара қызметінің алты айға күшейтілген жұмыс режиміне көшетінін жариялады. 

Латвия Беларусьпен шекарадағы күзетін күшейтеді Фото: www.aa.com.tr

11 тамыздан бастап Латвия Беларусьпен арадағы шекараны қорғаудың күшейтілген режимін енгізеді. Бұл туралы Латвия үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

"8 тамыз күні министрлер кабинеті биылғы 11 тамыздан бастап 2024 жылғы 10 ақпанға дейін Лудзен, Краслав, Аугшдаугав уездері мен Даугавпилс әкімшілік аумақтарында шекара қызметінің алты айға күшейтілген жұмыс режимін жариялады", - делінген хабарламада.

Аталған аумақтар Беларусьпен шектеседі.

"Бұйрық Латвия-Беларусь шекарасын заңсыз кесіп өту жағдайларының санын ескере отырып, мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік қауіптің алдын алу мақсатында шығарылды", - деп хабарлады Латвия үкіметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу