Латвия компаниялары Қорғас-Шығыс қақпасының жұмысымен танысты

964

Латвия компаниялары Қорғас-Шығыс қақпасының жұмысымен танысты

"Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағында Латвия көлік және логистикалық компанияларына арналған В2В конференциясы өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

Латвияның Қазақстандағы елшісі Юрис Погребнякстің басқаруымен Латвияның ірі көлік және логистикалық компаниялары "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА мүмкіндігімен танысты. Латвия мен Қазақстан кәсіпкерлері екі ел арасындағы көлік және логистика қызметін дамыту болашағын талқылады.

Латвия делегациясының құрамында Вентспил еркін портын басқару компаниясы, ірі теміржол тасымалдаушы компаниясы LDZ Cargo, "Рига Транзит" ААҚ, "Citadele" банкінің өкілдері мен көптеген кәсіпкер қатысты. Делегация мүшелеріне В2В конференциясы аясында АЭА қызметі мен болашағы туралы мол мәлімет берілді.

Юрис Погребнякстің айтуынша, Қазақстан мен Латвия арасында көлік және логистика ғана емес, сонымен қатар фармацевтика, ақпараттық технология, тамақ өнімдері өндірісі, құрылыс саласында серіктестіктің болашағы зор.

"Латвия үшін Қазақстан транзиттік серіктес ретінде маңызды рөл атқарады. Бізді "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА орналасқан Құрғақ порттың мүмкіндігі қызықтырады", – дейді дипломат.

Латвияның Қазақстандағы сыртқы экономикалық қатынастар өкілдігінің басшысы В. Самойленконың айтуынша, соңғы үлгідегі инфрақұрылым жағынан қамтылған болашағы зор көлік логистикалық және өндіріс алаңын көруге шақыру латвиялықтарды ерекше қызықтырды. Сонымен қатар Жібек жолы бағдарында қызмет атқаратын және осы мақсатта жұмыс істегісі келетіндерді де қызықтырып отыр.

Латвия делегациясының мүшелері конференцияның ұйымдастырылу жайына жоғары баға берді. Шара барысында Қазақстан тарабынан ірі көлік логистикалық компаниялар мен Құрғақ порттың операторы "KTZE-Khorgos Gateway" ЖШС қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу