Латвия мен Қазақстан темір жолдарының басшылары ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

680

"Латвия темір жолы" (ЛТЖ) МАҚ басқарма төрағасы Марис Клейнбергс пен ҚТЖ ҰК ЖАҚ Қазақстанның мемлекеттік теміржол компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев жүк тасымалы саласындағы тығыз ынтымақтастық туралы келісті, деп хабарлайды Inbusiness.kz press.lv сайтына сілтеме жасап. 

Латвия мен Қазақстан темір жолдарының басшылары ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Жақында Клейнбергс Translogistica Kazakhstan 2022 көрмесіне қатысу үшін Қазақстанға келген болатын. Сауранбаевпен әңгімелесу барысында Клейнбергс жарты жылға жетер-жетпес уақыт аралығында Қазақстан ЛТЖ-ның ең маңызды шетелдік серіктестерінің біріне айналғанын атап өтті.

"Қазақстандық жүк тасымалдары енді ЛТЖ жүктерінің барлық көлемінің төрттен бір бөлігін құрайды, сондықтан екі ел темір жолдарының осы саладағы тығыз ынтымақтастығы қазіргі уақытта стратегиялық мәнге ие", – деді Марис Клейнбергс.

Өз кезегінде Нұрлан Сауранбаев "Латвия-Қазақстан Еуразиялық көлік дәлізінің үлкен әлеуетін" атап өтті.

2022 жылдың жеті айында Латвия мен Қазақстан арасында 2,71 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2 есе көп. Оның ішінде Қазақстаннан көмір импорты 2,34 млн тоннаны құрады, сондай-ақ мұнай өнімдерінің импорты артты – биыл осы сегментте 44,3 мың тонна жүк тасымалданды. Орман, металл, химиялық жүктер мен ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің өсуіне байланысты Латвиядан Қазақстанға теміржол жүктерінің экспорты да ағымдағы жылдың жеті айында 2,5 есеге ұлғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу