Латвия Сеймі (парламент) шұғыл түрде" 9 мамырда жекелеген қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы" заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Delfi.lv сайтына сілтеме жасап.
Жаңа заңға 100 депутаттың 79-ы дауыс берді.
Заңның түсіндірмесінде оның мақсаты мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау, тәртіпсіздіктердің алдын алу, қоғамның денсаулығы мен адамгершілігін қорғау деп айтылған. Сонымен қатар, заң Латвияның демократиялық әрі ұлттық мемлекет ретіндегі құндылықтарына, соның ішінде қоғамның бөлінуіне, соғысты дәріптеуге, әскери агрессияға, тоталитаризм мен зорлық-зомбылыққа, сондай-ақ тарихи оқиғалардың бұрмаланған көрінісіне қауіп төндірмеуге және кемсітуге жол бермеуге бағытталған. Сондай-ақ, мұндай шешім Украина халқына қолдау көрсету ретінде қабылданғаны атап өтілді.
"Латвияның барлық аумағында 9 мамырда пиротехниканы пайдалануға тыйым салынады. Алаңдарда мерекелік әрі ойын-сауық іс-шараларын, шерулерді, жиналыстар мен пикеттерді өткізуге тыйым салынады", - деп хабарлайды басылым.
Бұған дейін 9 мамырды Украинадағы соғыста қаза тапқандар мен зардап шеккендерді еске алу күні деп жариялаған болатын. Бірақ адам құқықтары және қоғамдық істер жөніндегі комиссия шұғыл түрде қабылданған балама жобаны дайындады.