Латвия президентінің сайтынан орыс тілі алынып тасталды

521

Порталдағы ақпарат тек латыш және ағылшын тілдерінде жарияланады. 

Латвия президентінің сайтынан орыс тілі алынып тасталды

Латвия президенті Эгилс Левитстің ресми сайтынан орыс тілі алынып тасталды. Бұл туралы президенттің мемлекеттік кеңсесінің медиа орталығының жетекшісі Юстине Дейчмане мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, president.lv сайтындағы барлық ақпарат тек латыш және ағылшын тілдерінде таратылады.

Ол халықаралық аудиторияға тек ағылшын тілінде ақпарат беру туралы шешім Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты екенін, орыс тіліндегі мемлекеттік басқарудың байланыс мәселесі қазір ушығып тұрғанын айтып, осындай шешім қабылданғанын хабарлады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу