Латвия Ресейді айналып өтер маршрут ұсынды

445

Латвия Қазақстанға өзінің үш порты: Рига, Вентспилс пен Лиепа арқылы логистикалық тізбек құруға жол ашып отыр.  

Латвия Ресейді айналып өтер маршрут ұсынды Фото: www.trend.az

Латвия Қазақстанға өз порттары арқылы логистиканы ұйымдастыруды ұсынады. Бұл туралы Латвия СІМ-де айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан — Латвияның көлік және логистика саласындағы өте маңызды серіктесі. Біз Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерін әлемдік нарықтармен байланыстыруда маңызды рөл атқаратын Латвияның транзиттік дәлізін және үш ірі порттың: Рига, Вентспилс және Лиепа қызметтерін ұсынамыз. Қазіргі геосаяси жағдайда, санкциялық режимдер кезінде Орталық Азия елдеріне Ресей порттары арқылы логистиканы ұйымдастыру қиынға соғуы мүмкін, Латвия мұны Орталық Азияға, әсіресе түрлі минералды ресурстарға бай Қазақстанға, жаңа жол ашуға дайын", - деді СІМ.

Ведомствода атап өткендей, Латвия порттары Еуроодаққа және одан әрі бүкіл әлемге экспорттық-импорттық операциялар бойынша қызметтердің кең кешенін ұсынады.

"Біз қазір жүк көлемі өсіп келе жатқанын көріп отырмыз және болашақта теңізге шыға алмайтын өңір ретінде Орталық Азия көлігінің барлық түрлерін пайдалана отырып, байланысты қамтамасыз етудің айқын қажеттілігі туындайды. Латвия ЕО мен Орталық Азия арасындағы байланыс орнату жағынан үлкен тәжірибеге ие және олардың арасындағы тығыз сауда қатынастарының маңыздылығын жақсы түсінеді", - деп толықтырды СІМ.

Латвия Республикасы — Қазақстанның Балтық өңіріндегі маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында Латвияның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіреді.

Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $216,2 млн құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 3,7 есе жоғары ($58,3 млн). Осы кезеңдегі экспорт 182 миллион долларды, ал импорт 34,2 миллион долларды құрады.

  • 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы $189 млн құрады (2022 жылдың ұқсас кезеңінде $42,9 млн).
  • 2022 жылы Қазақстан мен Латвия арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 3,683 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 5,8 есе артық. 2022 жылы Қазақстаннан Латвияға 3,7 млн тонна жүк тасымалданды (өсім 8,5 есе), ал Латвиядан Қазақстанға – 196,2 мың тонна (өсім 3 есе).

Қазақстанда 120-ға жуық латвиялық кәсіпорын, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Латвияда логистика, сауда және қаржылық консалтинг сияқты салаларда 100-ге жуық қазақстандық компания жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу