Латвия Ресеймен шекарада ұзындығы 23 шақырымдық қабырға тұрғызды

1021

Латвия Ресеймен шекарада ұзындығы 23 шақырымдық қабырға тұрғызды

Латвия Ресеймен шекарада қабырға тұрғызады. Қазірдің өзінде ұзындығы 23 шақырымдық қабырға салынды, деп хабарлайды "Коммерсантъ".

"Қабырға тұрғызу 2015 жылы басталды. Оны 2019 жылға дейін аяқтау көзделген. Қазіргі таңда шекарада 65 шақырымдық шекаралық жолақ жабдықталып, сондай-ақ ұзындығы 23 шақырым дуал тұрғызды", – деп келтіреді Латвияның мемлекеттік шекара қызметі баспасөз хатшысы Евгений Позняктың сөзін Delfi.

Естеріңізге сала кетейік, латвиялық биліктің пікірінше, бұл құрылыс азия елдерінен заңсыз миграция  легіне қарсы тосқауыл болады. Дуалдың жалпы ұзындығы 214 шақырым. Жобаға 17 млн еуро жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу