Латвия СІМ ресейлік азаматтарды ЕО аумағына кіргізу талаптарын қатаңдатуға шақырды

434

Латвия сыртқы істер ведомствосы Ресей азаматтарын кіргізуді шектеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалатынын айтады.   

Латвия СІМ ресейлік азаматтарды ЕО аумағына кіргізу талаптарын қатаңдатуға шақырды Фото: www.golosameriki.com

Бухаресттегі Солтүстік Атлантикалық Альянс елдерінің Сыртқы істер министрлері саммитіне қатысқан Латвия Сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич бірқатар Еуропа елдерінің ресейлік азаматтардың кіруіне қатысты қатаң талаптары неден екенін түсіндірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

"Біздің сыртқы саясаттағы қатаңдығымыз бірінші кезекте қауіпсіздігімізді ойлағаннан, - деді Латвия Сыртқы істер министрі, - 100 мыңнан астам ресейліктер қоныстанған кейбір ЕО елдері қазір қауіпсіздігіне алаңдаулы, сонымен қатар мұндай шешімнің моральдық және саяси астары бар".

"Біз мобилизациядан қашып, елінен бас сауғалағандарды құшақ жая қарсы алмауымыз керек. Путин режиміне нағыз қарсы адамдар Ресей Украинаға соғыс жариялаған уақытта - 24 ақпан күні, ең болмағанда бір ай ішінде өз елдерінен көшіп кетті. Сондықтан Ресей азаматтарының Еуропалық Одаққа кіруін қатаң шектеу - біз ұмтылу керек мақсат. Алайда, мен ЕО-ның барлық елдері осы тақырып бойынша біз бастаған пікірталасты әлі қолдай қоймайтынын білемін", - деді Эдгар Ринкевич.

Эдгар Ринкевич бұл саяси бағытты Еуропалық Одақтың Чехия төрағалығымен ұйымдастырылған ЕО сыртқы саяси ведомстволары өкілдерінің кездесуі кезіндегі Прагадағы пікірталастардан бастайды.

ЕО-ға кіру ережелерін қатаңдатуды Балтық елдері, Финляндия мен Польша енгізді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу