Латвия үкіметі үй құстарын еркіндікте бағуға тыйым салды

823

Латвия үкіметі үй құстарын еркіндікте бағуға тыйым салды

Үй құстарына құс тұмауының таралуына жол бермеу үшін үкімет егін шаруашылығы министрлігі әзірлеген  жануарларды ұстау орындарының биологиялық қауіпсіздігі туралы ережеге енгізілген түзетулерді бекітті.
Ол бойынша жабық жерде бағылатын тауық, бөдене, кептер, қырғауыл, қаз, үйрек, күркетауық және тағы басқа құс түрін ұстаушылар биологиялық қауіпсіздікті сақтауға тиіс.
Биылғы жылғы 1 наурыз бен  31 мамыр аралығында құс иелеріне  барлық құсты жабық орындарда ұстап, жабайы құстармен араластырмауға, сондай-ақ жұмыртқа және құсты тысқары жерлерде саудалаумен айналыспау жөнінде талап қойылды, деп хабарлайды Leta сайты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу