Латвия Украинаға дрондардың ең ірі партиясын жібермек

251

Киев Латвияда шығарылған 1400 дронды алады – Латвияның Қорғаныс министрі. 

Латвия Украинаға дрондардың ең ірі партиясын жібермек Фото: LSM

Латвия Украинаға жөнелту үшін жергілікті өндірушілер құрастырған ұшқышсыз ұшақтардың ең ірі партиясын дайындады. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Латвияның Қорғаныс министрі Андрис Спрудс жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің айтуынша, Вильнюс Украинаға 1400 дрон беруге дайындалып жатыр. 

"Латвиялық өндірушілердің ең үлкен партиясы – 1400 дрон – Украинаға жіберуге дайын. Осымен Қорғаныс министрлігі Украина үшін Латвия өнеркәсібінің 2700-ден астам дрондарын сатып алуды аяқтайды", - деп атап өтті Спрудс.

Ведомство басшысы жалпы алғанда, Латвия Украинаға дрондар коалициясы аясында әртүрлі типтегі және сипаттамадағы 3000 жауынгерлік ұшқышсыз ұшақтарды бергенін айтты.

"Латвиялық компаниялармен бірге біз Украинаның жеңісіне дейін қолдау көрсетуді жалғастырамыз", - деп атап өтті Латвия Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Өткен аптада Спрудс Украинаға Латвияда шығарылған 500-ге жуық дронды бергені туралы хабарлады.

Бұған дейін Латвия мен Германия Украинаны қолдау үшін дрондарды бірлесіп сатып алуға келіскені белгілі болды.

Бұған дейін Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Латвия Украинамен бірлесіп "дрондар коалициясы" шеңберінде дрондар өндірісін ұлғайтатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу