Латвия вакцина ектірмегендерге дүкенге кіруге тыйым салды

1129

Мектеп оқушылары бетперде киіп жүруге міндеттелді.

Латвия вакцина ектірмегендерге дүкенге кіруге тыйым салды

Латвияда COVID-19 дертіне қарсы вакцина салдырмағандарға дүкенге кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел Премьер-Министрі Кришьянис Кариньштің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бұл шешімді Латвияның дағдарысты басқару жөніндегі кеңесі қабылдады.

"Дүкендерге тек COVID сертификаты бар адамдар бара алады. Бірақ азық-түлік дүкендеріне барлығы кіре алады", – деді саясаткер.

Кариньш халықты тезірек екпе салдыруға және мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге үндеді. Сонымен қатар кеңес мектеп оқушыларын бетперде киіп жүруге міндеттеді. Енді бұл шешімді үкімет 8 қазанда бекітуге тиіс. 

Осы күнге дейін бұл елде халықтың 50%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлем халқының 70%-ын вакциналау үшін шамамен қанша доза керектігін айтқан болатын. Ол препараттар санының әр елде әркелкі болуы "жаһандық апатқа" әкеліп соққанын, бірақ жағдайды ретке келтіруге әлі де мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу