Латвияда өткен президент сайлауы нәтижесінде Сыртқы істер министрі қызметін атқарған, кандидат Эдгар Ринкевич жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Delfi-ге сілтеме жасап.
Латвия президенті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы емес, Сеймнің (Парламенттің) дауыс беруі арқылы таңдалды.
Жалпы, сайлауда үш үміткер бақ сынады. Олар: "Біріккен тізім" коалициясынан кәсіпкер Улдис Пиленс, "Жаңа бірлік" коалициясынан СІМ басшысы Эдгар Ринкевич және Еуропадағы латыш диаспорасының белсендісі Элина Пинто.
Сеймнің 100 депутаты дауыс беру процесіне қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу