Латвияда тыңшылық жасады деген күдікпен ресейлік ұсталды

476

Ұсталған азамат жария етуге жатпайтын ақпаратты заңсыз жинаумен айналысқан.

Латвияда тыңшылық жасады деген күдікпен ресейлік ұсталды Фото: lv.sputniknews.ru

Латвияда маңызды инфрақұрылым мен әскери нысандар туралы ақпаратты жинап, ресейлік барлау қызметіне жіберді деген айыппен ресейлік ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Латвияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) елде тыңшылық жасады деген күдікпен Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметінің сайтындағы хабарламада айтылған.

Ресейлік 2023 жылдың 20 желтоқсанында ұсталған, ал қылмыстық іс 18 желтоқсанда қозғалған. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей азаматының есімін атамады.

Тергеушілердің айтуынша, ұсталған азамат жария етуге жатпайтын ақпаратты заңсыз жинаумен айналысқан.

"МҚҚ тергеуі кезінде алынған ақпаратта  бұл адамның Латвиядағы маңызды инфрақұрылым мен әскери нысандар туралы ақпаратты жинап, ресейлік барлау мен қауіпсіздік қызметіне жібергенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу