Латвияда ұстаздар ереуілге шықты

659

Салдарынан 28 балабақша мен 10 мектеп уақытша жабылды.

Латвияда ұстаздар ереуілге шықты Фото: bb.lv

Ригада мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің оқытушылары мен балабақша тәрбиешілері ереуілге шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Лета" агенттігіне сілтеме жасап.

Ереуілге қатысуға елорданың 164 оқу орнынан 4200-ден астам қызметкер өтінім берді. Дәлірек айтсақ, 1267 балабақша тәрбиешісі, 2412 мұғалім, 395 мұғалімнің көмекшісі (балабақша күтушілері) және 121 техникалық қызметкер бейбіт шеруге қатысуға ниет білдірді.

Рига қалалық думасының коммуникация басқармасының мәліметінше, 38 оқу орны — 28 балабақша мен 10 мектеп жабылды. Екі мектеп ереуілге тек 24 сәуірде қатысуды жоспарлап отыр. Тағы 62 мектепке дейінгі мекеме мен 64 мектеп толық емес жұмыс күнін жариялады. Латвия астанасындағы басқа 75 балабақша мен 21 мектеп наразылық акциясына қатысып, әріптестеріне қолдау көрсетуден бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу