Латвияның білім беру жүйесі толықтай латыш тіліне ауысады

940

Бұл елде латыш тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі шет тілі мәртебесіне ие.

Латвияның білім беру жүйесі толықтай латыш тіліне ауысады

Латвияның министрлер кабинеті үш жыл ішінде білім беру жүйесін толықтай мемлекеттік тілге, яғни латыш тіліне ауысуына бағытталған заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Бүгін, 2022 жылдың 7 маусымында министрлер кабинеті "Білім туралы заңға" және "Жалпы білім туралы" заңға түзетулер енгізуді мақұлдады", – деп жазылған үкімет сайтында.

"Бүгін біз тәуелсіздік алғаннан бері, яғни 30 жыл бойы түзелмей келген қателікті түзетіп жатырмыз. Бұл түзетулер 1990 жылдары енгізілуі керек еді. Егер бұл олқылық бүгін түзетілмесе, оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Сейм де тез шешім қабылдап, біз бұл түзетулерді осы уақыт аралығында қабылдай деп үміттенемін", – деді Білім және ғылым министрі Анита Муйжниеце.

Ескере кететін жайт, Латвияда шамамен 1,8 миллион адам тұрады. Оның шамамен 40%-ы – орыстілділер. Латыш тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі шет тілі мәртебесіне ие.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу