Латвияның сыртқы қарызы он жыл ішінде бес есеге өсті

1200

Латвияның сыртқы қарызы он жыл ішінде бес есеге өсті

Латвияның сыртқы қарызы соңғы он жылда 5 есе – 1,5 миллиардтан 9,5 миллиард еуроға дейін өсті, деп мәлім етті  Латвия банкінің президенті Илмар Римшевич латвиялық Baltkom радиостанцияның эфирінен. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

"Латвияның сыртқы қарызы өсіп бара жатқаны алаңдатады. Егер осыдан 10 жыл бұрын 1,5 миллиард еуро болса, бүгінде сыртқы қарыз 9,5 миллиардты құрайды. Осы қарызға қызмет көрсету жөнінде пайыздық мөлшерлеме бүгінде төмен болып тұрғаны қуантады. Бұл тағы да аздап қарыз алып, бүгінгі таңдағы сұраныстарды өтеуге мүмкіндік береді. Алайда егер әлемде экономикалық ахуал өзгеріп, пайыздық мөлшерлеме жоғарлайтын болса, онда ол қарызды қайтару қиынға соғады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу