Латын әліпби негізіндегі "Әліппенің" жобасы дайын

1209

Алдымызда латын негізді әліпбиге көшу мақсаты тұр.

Латын әліпби негізіндегі "Әліппенің" жобасы дайын

"Әліппе" оқулығының мазмұны: қандай жұмыс жүргізілуде?" атты сараптамалық баспасөз мәслихаты кезінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры Манар Адамова болашақта латын негізді жаңа әліппенің жасалуы жайлы айтып өтті. 

"Қазір біз кирилл әліпбиіне негізделген әріптерді пайдаланамыз. Жаңа "Әліппе" оқу-бағдарламасы осы қолданыстағы 42 әріпке негізделіп дайындалды. Дегенмен алдымызда латын негізді әліпбиге көшу мақсаты тұр. Сол себепті "Әліппе" оқу-бағдарламасын латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде жоба қатар жасалды. Қазір бағдарламаның жобасы дайын. Еліміз латын негізді әліпбиге көшкен жағдайда оның ауыстырылатынына кепілдік береміз", – деді орта білім орталығының директоры.

Нұржан Көшкін

Фото: baribar.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу