Латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастырады – Нұрсұлтан Назарбаев

1119

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастыратынын мәлімдеді.  

   Латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастырады – Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы латын әліпбиі жастарға жаһандық деңгейде дамуға мүмкіндік беретінін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Біз мәдени-гуманитарлық дамумен бірге бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында біз жастарды жаһандық деңгейде дамытуға мүмкіндік аламыз", – деді Елбасы.

Айта кетейік, басқосу барысында ұйымға мүше елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты Түркі кеңесінің құрметті төрағасы етіп сайлады. Өзіне көрсетілген құрмет үшін Нұрсұлтан Назарбаев ұйымға мүше елдердің басшыларына алғыс білдірді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу