Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектептерде сынақтан өткізіледі

850

Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектептерде сынақтан өткізіледі

Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектеп пен ЖОО-да сынақтан өткізіледі, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Латын әліпбиі алдымен мектептер мен ЖОО да сынақтан өткізіледі. Бұл процесс 2025 жылға дейін созылуы мүмкін", - деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Оның айтуынша, сөздік шығару, терминдер мен грамматиканы реттеу сынды қыруар шаруа күтіп тұр. Әліпбиді енгізудің өзі екі кезеңнен тұрады. Үкіметтік деңгейде комиссия құрылып, оны басқаруы мен жаңа орфографиялық ережелер жасақталады. Осы ереже аясында әдебиет пен сөздіктер жарыққа шығады. Жаңа әліпбиге көшудің нақты бюджеті әлі белгіленген жоқ. Әйтсе де алғашқы жұмыстарға қанша қаражат қаралғанын мәдениет және спорт министрі айтып берді.

"Бұл ауқымды жоба. Сондықтан үлкен қаржылық шығынды қажет етеді. Мәдениет және спорт министрлігінің бағыты бойынша 2018 жылға 56 млн теңгеге өтініш бердік", - дейді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ақшаның негізгі бөлігі оқулық даярлауға жұмсалады деп жоспарланған. Тағы біраз қаржы мәдени мұраны сақтау мен сандық жүйеге өткізуге қаралмақ. Ал сынақтан өткізу қорытындысын сарапшылар қарап, мемлекеттік комиссияға ұсынады. Келер жылдан бастап даярлық сыныбының мұғалімдері жаңа әліпбиді қолдану бойынша арнайы оқытудан өткізіле бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу