Латын әліпбиін үйретуге арналған орталық ашылып үлгерді

1021

Латын әліпбиін үйретуге арналған орталық ашылып үлгерді

Петропавлда латын әліпбиін үйретуге арналған орталық ашылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әр топта 10-15 адамнан ғана болады. Әзірге жаңа әліпбиді оларға бір мұғалім ғана оқытпақ. Алдағы күндері сұраныс болып жатса, қосымша топтар ашып, ұстаз жалдаймыз дейді ұйымдастырушылар. Аптасына екі күн жұмыс істейтін орталықта барлық сабақтар тегін. Мұғалімдер әзірге тек қолданыстағы әріптердің латынша нұсқасын үйретумен ғана шектелмек.

"Бұл жерде тек қана графиканы, латын әліпбиінің графикасын ғана оқытамыз. Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты жаңадан орфографиялық сөздікті түзгеннен кейін, сөздердің дұрыс жазылу емлесін басқа дүниелерді де оқытатын болады осы жерде", - дейді "Қызылжар" қосымша білім беру орталығының директоры Жанат Мұхамеджанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу