Латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылды

1389

Латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылды

Бүгін парламенттік тыңдалымда латын әліпбиінің бірыңғай жобасы таныстырылды. Оған сәйкес, енді қазақ тілінде 25 дыбыстық таңба мен қосымша 8 диграф болуы тиіс. Сөйтіп, әліпби құрылымы 33 әріптен түзілмек.

Жалпы әліпбиді құрастыруда "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "екі әріп бір дыбыс" принципі қолданылып отыр. Мәселен, енді "ә" "ө" "ү" "ң" секілді әріптер латынша екі әріптің қосындысы құрайтын болады. Осылайша қазақтың төл әріптерінің айтылу қағидаттары дәлме-дәл сақталған деседі.

Құрастырушылар Ахмет Байтұрсынов негізін қалаған әліпбиді негізге алғанын айтады.

Ұлттық комиссияның құрамына Тіл білім институттары мен ғалыми орталық ғалымдары бастаған 200 мыңға жуық маман тартылған. Жоба бекітілсе, латын әліпбиінің бірыңғай жүйесіне көшу 2025 жылдан бастау жоспарланған. Енді жобаны жүзеге асыруға үкімет 250 млн теңге қарастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу