Латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрамы бекітілді

1288

Латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрамы бекітілді

Үкімет үйінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен комиссия құрамына төрағаның орынбасары — ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев, сонымен қатар ҚР президенті әкімшілігінің, "Нұр Отан" партиясының, ҚР парламентінің, жоғарғы оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. 
Отырыс барысында қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төрт арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу