Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, әліпбиді латын графикасына көшіру жұмыстарының нақты мерзімі жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрлікке қарасты Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі қарастырып жатқанына тоқталып өтті.
– А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тіл Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және жоғары оқу орындарының жетекші ғалым-лингвистерін тарта отырып, латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жобасы мен орфография ережелерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, – деді комитет өкілі.
Оның сөзінше, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің кезең-кезеңмен атқарылатын жоспары латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиі мен орфография ережелері қабылданғаннан соң әзірленеді.
Негізінен, латын қарпіне көшудің нақты уақыты жоқ.
– 2020 жылдан бастап осы бөлінген қаражат республикалық бюджетке қайтарылып жатыр, – деді Э.Асан.