Лауазымды қызметкерлер абақтыға барды

250

Бүгін Түркістан облысына қарасты 17 аудан, қала әкімінің орынбасарлары мен 21 басқарманың белді қызметкерлері уақытша тергеу изоляторының табалдырығын аттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лауазымды қызметкерлер абақтыға барды Фото: inbusiness.kz

Лауазым иелерін темір тордың арғы жағына апарған басқа емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістандағы өкілдігі. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Департаменттің дерегінше, тек осы жылдың алғашқы алты айында 77 жағдай тіркелген. Оның 53-не мемлекеттік қызметкерлердің қатысы бар. Осы көрсеткішті төмендету үшін басшы құрамға темір тордың арғы жағындағы жағдай таныстырылды.

Кең әрі салқын кабинеттегі қызметкерлердің тар қапасқа кіргендегі көңіл күйі қалай болды? Мақсұт Жарылқасын жалғастырсын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу