Лауазымды тұлғалар ешқандай сыйақы мен қосымша төлемдер алмайды

935

 Лауазымды тұлғалар ешқандай сыйақы мен қосымша төлемдер алмайды

"Самрұқ Қазына" директорлар кеңесіндегі лауазымды тұлғалар ешқандай сыйақы мен қосымша төлемдер алмайды. Бұл туралы Ұлттық әл-ауқат қордың басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Ал шығындар тек қордың тәуелсіз директорларына қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін ақпараттық агенттіктердің бірінде жыл қорытындысы бойынша директорлар кеңесіндегі мемлекеттік қызметкерлер 293 млн теңге қосымша сыйақы алады деп жазған болатын.

Өмірзақ Шөкеев, "Самрұқ-Қазына" ҰӘҚ АҚ Басқарма Төрағасы:

"Ешқандай сыйақы, ешқандай артық төлем төленбейді. Ол мақалада көбіне жала жабу ғана бар. Қайталап айтамын, Премьер-министр де, басқа министрлер де артық жалақы алмайды. Бұл ақпар жалпы өзі қайдан шыққанын білмеймін. Біреу шала түсініп, содан жазылған шығар"

Самрұқ-Қазынаның ресми мәліметі бойынша, басқарма мүшелеріне берілетін сыйақының жалпы сомасы 630 млн теңге. 2015 жылы бұл көрсеткіш 576 млн теңгені құраған. Ал шығындар болса жалақылармен, салықтар, жеңілдіктер, медициналық сақтандыру, баспана мен қызмет көліктерінен тұрады. Қордың жеке қосымша жылдық шығыны 923 млн теңге болса, еншілес ұйымдарымен бірге есептегендегі шығыны 7 млрд 182 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу