Лауазымды тұлғалар мүлік пен табысының заңды екенін дәлелдеуге міндеттеледі

584

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Лауазымды тұлғалар мүлік пен табысының заңды екенін дәлелдеуге міндеттеледі

Шенеуніктер меншігіндегі мүлкі мен тапқан табысының заңды екенін дәлелдеуі тиіс. Айғақ келтіре алмаса, қолындағысы негізсіз деп танылып, алынған мүлік пен заңсыз кіріс мемлекет балансына өтеді. Құзырлылардың сөзінше, заңсыз баюға қатысты жаңа заң жобасы Парламентте талқылануда. Құжат мақұлданса мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері бақылауға алынады. 

Ведомство мәжілісте салықтық әкімшілендіруді пайдаланып, шығыстарды кірістерден асырғаны үшін жауапкершілікке тартуды көздейтін заңнаманы  қарастырып жатқанын да атап өтті. Бұл мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға тікелей қатысты болмақ. 

"Лауазымды тұлға табысы мен шығынын, басқа да кіріс көздерін дәлелдеуге міндетті. Дәлелдей алмаса жауапкершіліктен бөлек оның ресми кірістерінен басқа қаржылық табыстары мен мүлкі алынып қойылады. Бұл әлемдік үрдіс. Ол барлық талаптарға сай келеді. Бұл мемлекеттік қызметтегі және квазимемлекеттік мекемедегі лауазымды тұлғаның парасатты іс-әрекеті үшін қосымша ынталандыру болуы әбден мүмкін", деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу