Лауазымды тұлғалар "Тұлпар-Тальго" басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған

651

"Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған.

Лауазымды тұлғалар "Тұлпар-Тальго" басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған

Барлығы 27 эпизод анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді", – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу