Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін мекеме басшысы сотталды

449

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін мекеме басшысы сотталды Фото: freepik.com

Ақмола облысында Целиноград ауданындағы ЖАО бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Целиноград ауданының прокуратурасымен автожол саласындағы тексеру нәтижелері бойынша Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрыңғы басшысымен және кәсіпкермен 1,2 млрд.теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Аудан прокуратурасымен тіркелген 2 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілді.

Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрыңғы басшысы, қамауға алынған.

  • 1,2 млрд теңгеден астам көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.
  • 2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу