Лавров 8 маусымда Түркияға сапармен барады

609

Бұған дейін Чавушоглу ресми Анкараның Ресейге қарсы экономикалық санкцияларға қосылмайтынын мәлімдеген болатын.

Лавров 8 маусымда Түркияға сапармен барады Фото: reuters.com

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 8 маусымда Түркияға сапарлай барады, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглудың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров әскери делегациямен Түркияға 8 маусымда келеді", – деді министр.

Оның айтуынша, кездесуде астықты тасымалдау және Қара теңізде қауіпсіздік дәлізінің ашылуына қатысты мәселелер талқыланады.

Бұған дейін Чавушоглу ресми Анкараның Ресейге қарсы экономикалық санкцияларға қосылмайтынын мәлімдеді.

"Ресейге қарсы санкциялар Түркияға да әсер етті. Біздің ұстанымымыз түсінікті. Делдалдық рөлімізді ескеру керек. Ұстанымымыз айқын, шектеулерге қосылмаймыз және біз арқылы жүзеге асыруға жол бермейміз", – деді ол.

30 мамырда Владимир Путин мен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды, Қара және Азов теңіздерінде қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету, сол маңдағы акваториядағы миналық қауіпті жою мәселелері бойынша келіссөз жүргізген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу