Лавров Ауғанстанның көршілеріне АҚШ әскерін орналастырмауды ұсынды

785

Оның айтуынша, Америка Құрама Штаттары өз әскерін Ауғанстан көршілерінің жеріне орналастыруды жоспарлап отыр.

Лавров Ауғанстанның көршілеріне АҚШ әскерін орналастырмауды ұсынды

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ауғанстанның көршілерін НАТО мен АҚШ әскерін өз аумақтарында орналастыруға рұқсат бермеуге үндеді. Бұл туралы министр 27 қазанда Кабулдың көршілес елдерінің кездесуі кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Тегеранда өткен бұл жиынға Қытай, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан өкілдері қатысты.

Лавровтың айтуынша, Америка Құрама Штаттары өз әскерін Ауғанстан көршілерінің жеріне орналастыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін ол НАТО-ның Ауғанстанда қалдырып кеткен қару-жарақтары деструктивті бағытта қолданылмауы тиіс деп мәлімдеген еді. 12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі барысында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осындай мәдімдеме жасады.

"НАТО-ның Ауғанстаннан кетуі елдегі жағдайды ушықтырып жібергендей. Бұл елде ұйымның қару-жарақтары мен әскери техникалары қалып қойды. Бастысы – олар деструктивті бағытта қолданылмауы керек", – деді саясаткер.

Табиғат Нұрболат

Фото: РФ-ның СІМ баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу