Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров егер АҚШ пен НАТО қауіпсіздік кепілдіктері бойынша Мәскеуге жауап бермесе, Батыс елдеріне қарсы шара қабылданатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Дипломаттың айтуынша, Ресей Батыс елдеріне пікірталасты созуға жол бермейді. Олар ресми Мәскеуге жауапты жазбаша түрде табыстамаса, Лавров Батыстың "агрессивті" әрекеттеріне қарсы тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.
Егер жауап алынса, СІМ және басқа ведомстволар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге келесі қадамдарға қатысты өз ұсыныстарын айтады.
АҚШ пен НАТО Ресей күтіп отырған құжатты, яғни қауіпсіздік кепілдіктері бойынша жауапты осы аптада беретінін растады.
Табиғат Нұрболат