Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Анкарада Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлымен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз мұндай жағдайда Ресей ешқашан диалог туралы маңызды ұсыныстардан бас тартпайтынын тағы айтамыз", — деді министр журналистердің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесу мүмкіндігі туралы сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының өкілі Василий Небензя, егер Вашингтон ұсыныс жасаса, Лавровтың 24-25 сәуірде дүниежүзілік ұйымның штаб-пәтеріне сапары кезінде Ресей тарапының келіссөздерге келісуге дайын екенін мәлімдеді. Ресей СІМ басшысы осы мәлімдемелердің шынайылығына назар аударуға шақырды.