Лавров лаңкестерді Ресей шекарасына жақындатпауға үндеді

689

Ведомство басшысы Ауғанстанмен көршілес елдердегі тұрақтылық Ресей үшін маңызды екенін атап өтті.

Лавров лаңкестерді Ресей шекарасына жақындатпауға үндеді Фото: ria.ru

РФ-ның Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу үшін Ауғанстанмен көршілес елдердегі тұрақсыздыққа жол бермеу маңызды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомство басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Ең алдымен, бұл көрші елдердегі тұрақсыздыққа, Ауғанстаннан террористер және есірткі сатушылардың көршілес елдерге енуіне жол бермеу керек. Мұндайды Ауғанстанның ішінде басып-жаншып тастау қажет", – деді Лавров.

Ведомство басшысы бұл мемлекеттердегі тұрақтылық Ресей үшін маңызды екенін атап өтті.

"Себебі Орталық Азиядағы одақтастарымызбен ешқандай шекара жоқ, іс жүзінде олардың барлығымен визасыз режим енгізілген", – деп сөзін түйіндеді министр.

Қыркүйек айының басында Ауғанстанда жаңа уақытша үкімет жарияланды. Оның басшысы болып "Талибанның" бірінші билігі кезінде Сыртқы істер министрі болған Мохаммад Хасан Ахунд тағайындалды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу