Лавров НАТО қаруын Ауғанстанда орынсыз пайдаланбауға үндеді

690

31 тамызда америкалықтар Ауғанстаннан кетіп қалған еді.

Лавров НАТО қаруын Ауғанстанда орынсыз пайдаланбауға үндеді Фото: ria.ru

НАТО-ның Ауғанстанда қалдырып кеткен қару-жарақтары деструктивті бағытта қолданылмауға тиіс. 12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуі барысында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"НАТО-ның Ауғанстаннан кетуі елдегі жағдайды ушықтырып жібергендей. Бұл елде ұйымның қару-жарақтары мен әскери техникалары қалып қойды. Бастысы – олар деструктивті бағытта қолданылмауы керек", – деді саясаткер.

Тамыз айының басында тәліптер Ауғанстанның үкіметтік әскеріне қарсы операцияны бастап, 15 тамызда Кабулға басып кірген еді. 

31 тамызда америкалық әскерилер Кабул әуежайы арқылы елден кетті. Қыркүйек айының басында Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды. Оның басшысы болып Мұхаммед Хасан Ахунд тағайындалды. Ол "Талибан" бірінші мәрте билікке келген кезде сыртқы істер министрі қызметін атқарған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу