Лавров Ресей Батыспен соғысқа дайын екенін хабарлады

225

Егер Батыс Ресеймен соғысуға бел буатын болса, онда Мәскеу бұған дайын.  

Лавров Ресей Батыспен соғысқа дайын екенін хабарлады Фото: РИА новости

Бұл туралы Ресей Федерациясы СІМ басшысының уақытша қ.а. Сергей Лавров Федерация Кеңесінде оны сыртқы істер министрі қызметіне қайта тағайындау туралы консультациялар барысында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Оларда таңдау құқығы бар, бірақ ұрыс даласында кездескісі келсе, біз дайынбыз", — деді Лавров.

Маусым айында жоспарланған Швейцариядағы Украина бойынша конференциясы қатысты сөз сөйлеген Лавров оған "Ресейді шақырмау — мектеп оқушысына сөгіс берумен бірдей" деп атап өтті. 

"ЕО конференциясы Ресейге қарсы ультиматумды қайта тұжырымдау үшін ұйымдастырылғандай көрінеді. Тап бір мектепте жүрген сияқтымыз, Ресей — екілік алған бала сияқты, мұғалімдер жиналып, өзара шешім шығарып болғаннан кейін оған үкімді оқыған қаншалықты дұрыс емес болса, бізді де мұндай жағдайда қалдыру соншалықты бұрыс", — деп түсіндірді Лавров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу