Ләззат Ақылжанова жаңа қызметке тағайындалды

739

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары лауазымына конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша қала әкімінің өкімімен ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында болған Ләззат Ақылжанова тағайындалды.  

Ләззат Ақылжанова жаңа қызметке тағайындалды

Ләззат Ақылжанова 1976 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша заңгер, экономист. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісі ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің "Халық коммунистері" фракциясының аппаратын басқарды.

"Нұр Астана" ЖШС-де заңгер, "Қазпочта" АҚ (Астана қ.) сыртқы байланыстар департаментінде менеджер, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП құқықтық қорғау бөлімінің сарапшысы (Алматы қ.) болып жұмыс істеген.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Содан кейін ҚР ҰЭМ СК Алматы қ. статистика департаментінің заң басқармасын басқарды.

Осы уақытқа дейін Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу