"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", – деп жазылған ресми дереккөзде.
Қалтаева Ляззат Молдабекқызы өзінің еңбек қызметін 1987 жылы Алматы қаласының Фрунзенский ауданы мүгедектер қоғамының референт – хатшысы болып бастады.
1997 жылы ЌМЭБИ-дағы "Арман" Оқыту Орталығында бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша мамандық курсынан өтті. Ұлттық комиссияда емтиханын тапсырып, ойдағыдай аяқтағаннан кейін бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша осы салада қызмет атқару үшін сертификат алды.
1997 жылдан – 2001 жылға дейін "ДАЭКО", "Данекер", "Казахстан-Аудит" жабық акционерлік қоғамында бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша мандық қызметін атқарды.
2001 жылы мүгедектігі бар әйелдер тобының бастамасымен бірігіп, Шырақ "мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігін құрған.
ЗТБ мен "Мүгедектігі бар адамдардың Орта – Азиялық Форумы МОАФ" төрайымы болып сайланды.
2014 жылы Каспилық қоғамды Университетінің "құқықтану" мамандығын тәмамдады.
Гендірлік теңдікпен және мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау сұрақтары бойынша халықаралық және мемлекеттік тренингі мен семинарлардан өтті.
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау сұрақтарының саласы бойынша халықаралық және мемлекеттік сарапшы ретінде шығады. Мүгедектік және гендірлік тақырып бойынша 10-нан аса зерттеулер мен басылымдардың авторы.
2012 жылы "мүгедектігі бар адамдар үшін" (ЭӘК) БҰҰ Тынық мұхиты мен Азия үшін Экономикалық және әлеуметтік сыйлығымен марапатталды. Мүгедектігі бар адамдардың Декадасы бойынша 2013-2022 ж.ж. Азиаттық – Тынық мұхиттық өңірінің жұмыс тобының мүшесі.
2015 жылы Халықаралық Аймақтық қоғам мен БҰҰ ынтымақтастық тақырыбы бойынша Нью-Йорк қаласында БҰҰ отырысында спикер ретінде қатысты.